Білікті маман – болашақтың кепілі

101

0

Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына серпін беретін маңызды қадам болды. Себебі, бұл бастама кәсіптік білім беретін оқу орындарының алдына жаңа міндеттер қойып, сала жұмысына қатысты өзекті мәселелердің шешімін табуына жол ашты.

Осындай байыпты баста­ма­ларға негізделген іс-шараның бі­рін атап өтсек, М.Ықсанов атын­дағы Қызылорда техникалық-ІТ жоғары колледжі базасында «Бі­­лікті маман – жарқын бо­ла­шақ кепілі» тақырыбында об­лыс­тық семинар өтті. Онда тех­никалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері ара­сында білім алушылардың икем­ді дағдыларын дамытуға байла­нысты озық тәжірибелерді ұсыну арқылы  өзара тәжірибе алмасу, колледж бен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтасты одан әрі нығайту бағытындағы мәсе­лелер талқыланды.

Жиынға оқу орны мен маман­дарды даярлау ісінде әріптес өнер­­кәсіптік мекеме өкілдері, тех­­ни­калық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Семинарға келушілерге алды­мен оқу орнында жұмыс жасай­тын «Бизнес стартап», «Мансап орталығының» жұмысы та­­ныс­тырылды. Айталық, «Бизнес старт­ап» орталығында колледж түлек­терінің кәсіпкерлік жо­ба­ларына бағыт-бағдар бе­рі­ліп, құқықтық, заңна­малық тұр­ғы­­да көмек көрсетіледі. Ал «Ман­сап орта­лығының» не­гізгі жұмыс бағыты оқу орнын біті­руші түлектерді «Еңбек KZ» пор­­талына тіркеп, бос жұ­мыс орын­дары жәрмеңкесіне қаты­­суына қолдау көрсетіледі. Сон­дай-ақ білім алушылардың тә­­жірибеден өтетін базалық меке­мелер аясын кеңейту, дуальдық оқытудағы мамандықтарға әлеу­меттік серіктестер табу, тү­лек­терге мамандық таңдауда ба­ғыт-бағдар беріп, соған сәйкес се­минар, тренинг сияқты қажетті іс-шараларды ұйымдастырады.

Осы ретте М.Ықсанов атын­дағы  Қызылорда техникалық-ІТ жоғары колледжі мен облыс­тық кәсіпкерлер палатасы, облыс­тық жұмыспен қамтуды үйлес­тіру жә­не әлеуметтік бағдар­ламалар бас­қармасының «Еңбек мобиль­ділігі орталығы» мекемесі арасында меморандумға қол қойылды. Ай­та кетейік, аталған келісім ар­қы­лы колледж түлектерінің биз­нес бағытында әзірлеген жобалары өзара талқыланып, қажет бол­ған жағдайда қолдау көрсету қарас­тырылған.

«Көлік жөндеу» құзыреттік орталығы, жаңа үлгідегі оқу-жат­тығу құрал-жабдықтары мен оқу орны автодром жұмы­сы та­ныс­­тырылып, алдағы атқары­ла­тын жобалар жайында сөз болды. Сондай-ақ семинарға қаты­су­шы­лар арнайы көлікпен оқу ор­нының әріптес мекеме база­ларын аралап, «Hyundai Avto Kyzylorda» ЖШС жеңіл автокө­ліктерді жөндеу орталығы, «Хан» ЖШС темір бұйымдарын дайындау цехы сияқты колледж бі­лім алушыларының өндірістік тәжірибеден өтетін орындарының жұмысымен танысты.

Семинардың екінші бөлімінде М.Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-ІТ жоғары колледжі директоры Бектұр Қали, облыстық кәсіпкерлер палатасының дирек­торы Пірмұхаммед Сыздық, об­­лыстық жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеуметтік бағ­дар­ламалар басқармасының «Ең­­бек мобильділігі орталығы» ди­ректорының мемлекеттік қыз­меттерді көрсету бойынша орынбасары Ақерке Ахметова баяндама жасап, оқу орнымен әріптестік аясында бүгінге дейін атқарылып келе жатқан жұмыстардың нәти­жесін ортаға салды.

Жиынға арнайы шақырылған «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойын­ша кә­сіби даму институты, «Res­pub­­lica» партиясы Қызыл­орда об­лыстық филиалы, «Vene­ra Print» жарнама агент­тігі өкіл­дері сөз кезегінде оқу орны­мен өзара әріптестік аясын­дағы жұ­мыс­тардың қазіргі көрсеткіш­теріне тоқталып, бұл орайда жас мамандардың тәжірибеден өтуіне қолдау көрсету жобасы әрі қарай да жалғасын табатынын атап өтті. 

Жиын қорытындысында оқу орны және жұмыс берушілер тарапынан бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесі қанша­лықты деген сауалға келсек, бү­гінде колледж бітірушілерінің 70 пайызы тұрақты жұмыспен қам­тылған.

Семинар аясында жоғарыда атап өткеніміздей, оқу орнымен арадағы өзара келісім-шарт та­лаптарына сай жүйелі жұмыс ат­қарып келе жатқан әлеуметтік әріп­тес мекеме басшыларына об­лыстық білім басқармасы тара­пынан марапаттар табысталды.

Ғазиза ӘБІЛДА,

«Сыр бойы»