Биылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын 2 журналист алды

746

0

Биылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын екі журналист бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

2021 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын журналистер – «Новая Газета» ресейлік газетінің бас редакторы Дмитрий Муратов пен филиппиндік Rappler басылымының негізін қалаушы Мария Ресса «демократия мен бейбітшілік орнату үшін басты шарт болып табылатын өзін-өзі көрсете алу мүмкіндігі мен сөз бостандығын қорғауға» қосқан үлесі үшін алды. Еске салсақ, бұған дейін Нобель сыйлығының әдебиет, химия, физика, медицина салалары бойынша иегерлері анықталған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<