Кеше Қазалы ауданында білім қызметкерлерінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында тамыз конференциясы өтті. Шараға Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова, ауданы әкімі Мұрат Ергешбаев, аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов, мәслихат депутаттары және аудандағы білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдер қатысты.
Конференцияда аудан әкімі М.Ергешбаев білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру мәселелері туралы баяндады. Аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Қалиев өткен оқу жылында атқарылған істерге есеп беріп, болашаққа бағдар жасады.
Тамыз кеңесі аясында білім беру ұйымдарының педагогикалық және инновациялық білім беру ұйымдарының робототехникамен жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылған. Кеңес соңында ауданымыздың білім беру мен тәрбиелеуде нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізген ұстаздарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің және облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталары мен аудан әкімнің алғыс хаттары табысталды. Шара соңында мектеп оқушылары ән шырқап, өнер көрсетті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<