БІЛІМГЕ ҚОЛДАУ –БОЛАШАҚҚА ТАҢДАУ

351

0

БІЛІМГЕ ҚОЛДАУ –БОЛАШАҚҚА ТАҢДАУ Елімізде жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілді. Бұл орайда басты саладағы талап пен талғамның да деңгейі артып келеді. Бүгінгі уақыттың сұранысына сай мамандар даярлау мәселесі күн тәртібіне шықты.

Білім сапасын арттыру бағытында облыс әкімінің бастамасымен көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Соның нәтижесі – өткен жылы ҰБТ қорытындысы – 85,8 баллды құрады, мектеп бітіруші түлектердің 97 проценті жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға түсті. Бұған қоса, 2014 жылдан бері облыстың 500-дей түлегі Ресей Федерациясы Үкіметінің грантымен осы елдің жетекші оқу орындарына оқып жатыр. Олардың қатарында біздің мектептің де түлектері бар. Бүгінде олардың алғашқы легі оқуын бітіріп, елге оралды. Жас мамандар жұмыспен қамтылып, бірқатары магистратурада оқуын жалғастырып жатыр. Биыл 120 – дан астам жас маман елге оралады.

Ал 2018 жылы Мәскеу мен Санкт – Петербургтағы инженерлік жоғары оқу орындарына 58 бала оқуға түскен. Бір айта кетерлігі, бұл жастардың басым бөлігі қазіргі заман талабына сай техникалық мамандықтарды иеленіп отыр. Демек, олардың жұмысқа орналасуына ешқандай кедергі жоқ, есесіне өңіріміздегі өндіріс орындарына жетіспей жатқан тапшы мамандардың орнын толтырады.

Болашақ білімді ұрпақтың қолында. Осы тұрғыдан қарасақ, болашағымыздың жарқын боларына сенім мол.

Ақтоты ӨТЕШОВА,  

М.Шоқай атындағы №187 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<