Қызылорда гарнизонының әскери қызметшілері Қызылорда қаласының кіре берістеріндегі блок бекеттерде қызметтерін жалғастыруда.
Қызылорда гарнизонының әскери қызметшілері құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесе отырып, қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен бақылау-өткізу режимін бірлесіп қамтамасыз етуде. Төтенше жағдай кезіндегі бірлескен іс-қимылдардың арқасында қаладағы жағдай тұрақталды. Басты мақсат – ел азаматтарының қауіпсіздігін сақтау.
- Төтенше жағдай кезінде жауынгер қаруластарыммен бірге тәулік бойы қала аумағындағы бекеттерде бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудеміз. Бұл менің Отан алдындағы міндетім және азаматтық борышым деп білемін. Ел әскерлері барда Тәуелсіздігіміз тұғырлы болатынына сенемін, – дейді топ командирі аға лейтенант Нұрзат Орынбаев.
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге жұмылдырылған әскери қызметшілер орналасқан жерде барлық жағдайлар мен медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылған.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<