Болашақ – жастардың қолында

478

0

Болашақ – жастардың қолында Атам қазақ «бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сыныптар арасында «дөңгелек үстел» өтті. Шараға оқушылар қызығушылықпен белсене қатысып, темекі мен есірткінің адам өміріне зияны туралы біраз мағлұмат алды.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты болу үшін зиянды әдеттерден – ішімдік, нашақорлық, шылым шегуден сақтандыру, олардың денсаулыққа, өскелең ұрпаққа зиян екендігін түсіндіру мақсатында мұндай шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылады.  
Меруерт ҚАЙЫРБЕКОВА,
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің мұғалімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<