«Болашаққа жоспар көп»

628

0

Әділет Әдірбек – Жаңақорған ауданының тұрғыны. Ол 4 жыл бұрын кір сабын шығаратын шағын кәсіп бастаған.

Мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау алып ол бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Қазір Әділеттың шағын цехы бір күнде орта есеппен 1000 дана сабын шығаруға қауқарлы.

– Кәсіп бастау жайлы ұсыныс ағамнан болды. Бизнес жайлы көп ойландық. Бизнес түрлерін интернет желісінен қарап көрдік. Нәтижесінде, неге сабын шығару бизнесін қолға алмасқа деген ой келді. Сабын жасау техникасын Жетісай қаласына арнайы барып үйреніп келдік. Қазір тек қана кір сабын шығарып жатқанымызбен, болашақта бұл кәсіпті кеңейткіміз келеді. Дәл осы кір сабынның ұнтақ түрін, бірнеше иіс сабын, түрлі сусабын шығару ойда бар, – деді кәсіпкер.

Қазіргі таңда цехта 3 адам жұмыс істейді. Сабын бағасы 130-200 теңгеден сатылады. Кір сабын жасау үшін тоң май мен сода керек екен. Бастысы – табиғи таза өнім, сапасы жоғары.

Кәсіпкердің айтуынша, сұраныс негізінен Жаңақорған ауданының тұрғындары арасында, бірақ болашақта қосымша жұмыс орындарын ашып, еліміздің басқа да өңірлеріне өнімдерді тасымалдағысы келеді.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<