Дамудың жаңа дәуірі

371

0

Дамудың жаңа дәуірі Біз Елбасымыздың әрбір Жолдауын болашаққа деген сеніммен, қуанышпен асыға тыңдаймыз. Тәуелсіздік алған жылдардан бері көп жұмыс атқарылып, Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында еліміз қарқынды дамып келеді. Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес алға басуда. Соңғы кездері әлемдік саяси және экономикалық трансформация үдерістері күшейе түскенін осы мәселеге қатты назар аударылғанынан аңғарамыз. Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты деп атап өтілді Жолдауда. 

Адам еңбекқор болып, өз кәсі­бін жақсы меңгергенде және лай­ық­ты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкін­дік болған кезде табыс артады. Мем­лекет пен адамдардың күш бірік­тіруінің арқасында ғана біз жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз деп нақтылап айтты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа үндеген әр сөзінде ха­лықты еңбекқорлыққа, адалдыққа, ауыз­бір­шілік пен білімділікке шақы­рады. Бюджеттік мекемелерде жұ­мыс істейтін 275 мың қызмет­кер­дің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. Осы мақ­саттарға 2019-2021 жылдарда рес­публикалық бюджеттен жыл сайын 96 млрд теңге бөлу керек деп тапсырма берілді. Елбасы бұл мәселеге ерекше көңіл бөлді. Мемлекеттің қалыптасуына бағдарланған қажетті бастамалар жасалды. Олардың жүзеге асыры­луы табысты дамуымыздың негізгі факторына айналды. Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Үш жыл бұрынғы  «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының жариялануының өзі ұлттың жаңа қарқынды сеніммен қадам басуына міндеттелген. Осы­дан кейін еліміздің Үшінші жаңғы­руына назар аударылды, оның бас­ты міндеті – Қазақстанның жа­һан­дық бәсекеге қабілеттілігін қам­­та­масыз ететін экономикалық өсім­­нің жаңа моделін құру. Бұл еліміздің қарқынды дамуы, өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға де­ген зор сенім еді. Жаңа Жолдау негізінде біз жаңа мін­деттерді атқа­руға дайынбыз.

Адамның өмір сүру сапасын жақ­сарту үшін, алдымен медици­налық қызмет сапасы  халықтың әлеу­меттік көңіл-күйінің аса маңыз­ды компоненті болып саналады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуі тиіс екендігін міндеттеді. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты деп атап өтті. «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп тапсырды. Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілетінін назарға салды. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген, аталған міндеттерді орындайтын ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударуымыз қажет.

Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы. Бақытты өмір сүру үшін, кез келген реформаны іске асыру барысында өзінің барлық іс-қимылын халықтың әл-ау­қатын арттыруға арнайтын жи­нақы әрі тиімді мемлекеттік ап­па­­раттың маңыздылығында. Елбасы жа­ңа кезең жағдайында мемле­кет­­тік аппарат қалай өзгеруге тиіс деген сұраққа жауап берді.  «Са­па» – мемлекеттік қызметші өмі­рінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс. Жаңа формацияның мем­лекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақ­тықты қысқартуға тиіс деп атап өтті. Бұл арқылы тұрақты кері бай­­ланыс орнығып, мемлекеттік сая­­­саттың нақты шаралары мен нә­­ти­желері қызу талқыланып, жұрт­­­­шылыққа түсіндіріледі. Мем­ле­­кет­тік басқару академиясы На­зар­баев Университетімен бірле­сіп, «Жаңа формацияның басшы­сы» бағдарламасын және басшы­лық қыз­­меттерге тағайындау ке­зін­­­де ар­найы қайта даярлау­дан өт­­кі­зе­­тін курстар әзірлеу қа­жет екен­дігін айтты. Беделді жоға­ры оқу орын­­дарын бітірген түлектерді қо­са алғанда, біліктілігі жоғары кадр­­лардың жеке сектордан келуі 3 есе артып, Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінде орталық ап­па­ратқа арналған конкурс бір орын­ға 28 адамға дейін, ал өңірлік құры­лымдарда бір орынға 60 адамға дейін өскеніне тоқталды. Бұл көр­сеткіштен біз қазір мемлекеттік қыз­метке қызығушылық артқанын және өңірлік деңгейде оның өзекті­лігі жоғарылығын аңғарамыз. Олар үнемделген қаражатты қызметші­лердің жалақысын арттыруға ба­ғыттау мүмкіндігін алды. Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттік органдар жаңа модельге көшуді қалап отыр. Ең бастысы – олар мұны тек жалақыны көбейту ғана емес, бәрінен бұрын, жұмыстарының тиім­ділігін арттыру деп түсінуі қа­жет деп атап өтті. Еңбекке төленетін қаржының өсімі бюджет шығысын, соның ішінде бағынышты мекеме­лердің шығыстарын оңтайландыру және үнемдеу есебінен өтелуін ба­қы­лауда ұстау тапсырылды. Бұл жер­де аталған жобаның беделін тү­сірмес үшін формализм мен тең­гер­мешілікке жол бермеу қажет. Мемлекеттік қызметшілерге қойы­латын талап әрқашанда жоғары екен­дігі назардан тыс қалған емес.

Әрине, Қазақстанның бағынды­ра­тын биік­­тері әлі алда. Осы Жолдау да сені­міміз бен  рухымызды жігер­лен­діріп, бойымызға күш-қайрат дарыт­ты. Сол сенімді ақтау әрбіріміз үшін өте маңызды.

Р.ЫСҚАҚОВА,

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, облыстық мәслихат депутаты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<