Демократиялық үрдістің үлкен жеңісі

1195

0

Енді Қазақстан халқы жаңарған Ата заңның тәртібіне сай өмір сүреді. Мықты Парламент, мажаритарлық сайлау, Президент туыстарын билікке жақындатпау секілді бастамалар іске асып жатыр. Жалпыхалықтық дауыс беруде көпшілік қолдаған конституциялық өзгерістер жарқын болашаққа бастап, тұтас саяси жүйе жаңғыру жолында.
Санаулы күн бұрын Тәуелсіз Қазақстан тарихында Ата заңға енетін түзетулер референдум арқылы шешілді. 5-маусымға дейін елімізде жаппай түсіндіру жұмыстары жүрді. Бұл тұрғыда «AMANAT» партиясының республикалық, облыстық, аудандық штаб жұмысын ұйымдастыру бойынша ерекше белсенділік танытып, ел-халыққа референдумның маңыздылығын түсінікті, қарапайым тілде жеткізе білді. Нәтижесінде дауыс бергендердің 77 пайыздан астамы өзгеріске қолдау білдірді.
Ата Заңымызға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Мемлекет жұмысының негізгі принциптеріне қатысты және Жаңа Қазақстан үшін тарихи маңызы бар. Бұл Конституциялық реформалар – еліміздегі ауқымды саяси жаңғырудың аса маңызды кезеңі. Бұл өзгерістердің әсерін әрбір қазақстандық сезінетін болады деген үмітіміз зор.

Ерболат Мұхаш
Қазалы аудандық мәслихатындағы
«AMANAT» партиясы депутаттық
фракциясының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<