Денис Тенді өлтіргендерді жақтап шыққан мұғалім елден кешірім сұрады

584

0

Денис Тенді өлтіргендерді жақтап шыққан мұғалім елден кешірім сұрады Желіде Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдіріп, оны өлтіргендерге мақтау айтқан қолданушы елден кешірім сұрады. Айтуынша, оның бұл ісі ақымақтық болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Олимпиада жүлдегері, бірнеше дүркін әлем чемпионы Денис Теннің өлімі бүкіл қазақ елін дүр сілкіндірді. Бұл жаңалықты естіген ешбір қазақстандық оның қазасына бей-жай қала алмады. Алайда Денисті өлтіргендерді қолдап, оларды желіде мақтаған Шерхан есімді желі қолданушысы жұрттың қаһарына ілікті.

Шерхан Бауыржанұлы өзінің желідегі парақшасына Денис Теннің суретін салып:

«Осыны өлтірген жігіттер мадис. Красавчики», – деп жазып қойған (жазбадан алынған үзіндіде автордың жазу стилі сақталған).

Аталған жантүршігерлік жазбаны БҚО Қазтал ауданының тұрғыны Шерхан Бауыржанұлы жазғаны анықталды. Ол орта мектептердің бірінде ұстаздық қызмет атқарады.

Қазіргі таңда Шерхан Бауыржанұлы өзінің әрекетін бұрыстығын толықтай мойындап, елден кешірім сұрады. Бұдан бөлек ол еліміздің Қылмыстық кодексі бойынша тиісті жазасын алатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<