Жақында Денис Теннің досы, танымал актер Санжар Мадиев “Тен атты жұлдыз” деген деректі фильмде Денистің әрдайым жігіті бар қыздарға ғашық болғандығын, сондықтан ол спортшыға “мачо” деп ат қойғанын айтып берген еді. Ал Gakku aрнасы спортшының She won’t be mine әнін көпшіліктің назарына ұсынғаннан кейін, халық Денистің осы әнді кімге арнағанын білгісі келді. Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі спортшының жақын досымен байланысып, өлеңдерінде қандай ой жатқанын анықтап, сол бақытты жанның кім екенін білуге тырысты.
Денис Теннің спорттық шеберлігіне тәнті болған жан, оның ән жазып, ән салатынын білгенде “жер бетінде осындай дарынды адам болады екен-ау” деп тамсанатын. Жоспары көп, креативті спортшы қайғылы оқиға орын алмағанда отандық сахнадан әсем дауысты әнші ретінде өз орнын табар ма еді? Нақтысын білмейміз. Бірақ Денистің She won’t be mine әнін тыңдаған соң, оның дарынды музыкант екенін бәріміз түсіндік.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<