Депутаттар Байсын ауылындағы жаңа мектепте болды

705

0

Фото: «AMANAT» партиясы

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаевтың Шиелі ауданындағы сапары Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі Байсын ауылында ел игілігіне табысталған 250 орындық мектептің жұмысымен танысу бағытында жалғасты.

Биыл облыста «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 2700 орындық 6 жаңа мектеп пайдалануға берілсе, 4 мектепке 1 850 орындық қосымша ғимарат салынды. Соның бірі осы Байсын ауылындағы 250 орындық мектеп.

Жаңа білім ордасының сапасын көрген депутаттар ұжымның еліміздің болшағын тәрбиелеудегі қызметтеріне табыс тіледі.

Жалпы атап өтейік өңірде партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 2-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылуы 90,2% құрап, 2023 жылғы жоспар толығымен орындалды.

Мектептерді жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен қамту бойынша 2023 жылы 51 пәндік кабинет алуға 403,4 млн. теңге бөлініп, 14 биология, 20 химия, 17 физика кабинеттері жеткізілді. Көрсеткіш 91% құрайды.

Сондай-ақ Президент қолдауымен аймақта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында құны 98 млрд теңге болатын 21 мектеп салынатын болса, оның біреуі Шиелі ауданында бой көтермек. Бүгінгі күні жоба аясында 10 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<