Есімі әлемге танылған әнші Димаш Құдайберген қалыңдығымен түскен суретін жариялап, арулардың жүрегін жаралады. Димашты отбасын құрады деп болжаған көпшілік оны жанындағы бейтаныс қыздан қызғанып қалды, деп жазады Stan.kz тілшісі.
Небәрі 9 сағат бұрын жарияланған фотоға 60 мыңға жуық жан “лүпіл” басып, 2000-нан аса фанат пікір қалдырып үлгерген.
Олардың басым бөлігі суреттегі қыздың кім екенін білуге асығып, Құдайбергеновті сұрақтың астына алған.
“Dears, бұл түн ұйқысыз өтетін сыңайлы”, – деп алаудаушылық білдірді фанаттар армиясы.
Айта кетейік, жуырда ғана Димаш жаңа клипінің қысқаша үзіндісін жариялаған болатын. Онда Құдайбергенов қытай қызымен сүйіскені үшін сынға қалған еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<