Жосалы кенті орталығындағы Шоқан Уалиханов атындағы №26 орта мектебінде облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдеріне арналған «Жасөспірімдерге діни толеранттылық қағидаттарын үйретудегі зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің рөлі мен маңызы» тақырыбындағы семинар-тренинг болып өтті.
Семинар-тренингке «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директорының орынбасары Боранбаев Аралбек Жұбатқанұлы қатысып, кіріспе сөз сөйледі.
Шараға арнайы шақырылған әл-Фараби қазақ ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Байтенова Нағима Жаулыбайқызы – «Зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің діни толеранттылықты қалыптастырудағы басым бағыттары» тақырыбында баяндама жасады.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Тышхан Кеңшілік жиынға қатысушыларға «Зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің мемлекеттің зайырлы принциптерін түсіндірудегі рөлі» тақырыбында баяндама оқыды.
Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының Қармақшы ауданы бойынша теолог маманы Жалғасбек Ысқаков ой-пікірімен бөлісті. Семинарға 40 жуық білім саласының қызметкерлері қатысып, көкейдегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<