\»Егер анам болмаса\»: Элизабет Тұрсынбаева алғаш рет отбасы жайлы сыр шертті

557

0

\"Егер анам болмаса\": Элизабет Тұрсынбаева алғаш рет отбасы жайлы сыр шертті Мәнерлеп сырғанаудан 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева алғаш рет отбасы жайлы сыр шертті. Жас мәнерлеп сырғанаушының айтуынша, оның спортшы ретінде қалыптасуында анасының рөлі көп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Элизабет Тұрсынбаева отбасы жайлы жан сырын өзінің Instagram парақшасында жазған.

Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева Мәскеуде қазақстандық Байтақ Тұрсынбаев пен қырғыз азаматшасы Падишахан Сұлтанәлиеваның отбасында дүниеге келген.

«Өз анам жайлы әңгімелеп бергім келіп отыр. Ол Қырғызстанда дүниеге келіп, үйінен бар-жоғы 16 жасында Мәскеуге кетіп қалған. Сол кезде оның қалтасында небары 28 рубль болған және ол орыс тілін де білмейтін еді.Ол пойызбен Мәскеуге бір апта бойы барған. Анам сол сәтте үлкен қалада қалай өмір сүріп, немен айналысатынын да білмеген. Бірақ ол өте жігерлі әрі мақсатына берік адам еді. Алдымен ол Орехово-Зуево индустриалды-педагогикалық техникумды бітіріп, жарты жылдың ішінде орыс тілін меңгеріп алды.

Сосын Мәскеу мемлекеттік агро-инженерлік университетін бітірді. Анам күндіз оқуын оқып, түнде нан зауытында жұмыс істеп, ал таңда сабағын оқыған. Кейде тіпті ұйықтамаған күндері де болған.

Нәтижесінде ол Мәскеуде жүріп жоғары білім алды. Сөйтіп жүріп өзінің алғашқы пәтеріне де қол жеткізді. Ол кезде анамның жасы 26-да болыпты… «, – дейді Элизабет.

Ол сондай-ақ анасының отбасында көп ағайынды екенін айта кетті.

«Кейін Тимур мен мен дүниеге келген. Кейін анам тағы бір пәтерді алды. Анама ата-анасы да көмек бере алмаған. Себебі отбасында одан басқа 8 бала болған. Айтпағым ол бәріне өзі қол жеткізген.

Бір жылдары өз бизнесін ашып, сәнді бұйымдар дүкендер желісін ашқан. Сосын мейрамхана бизнесін де жүргізе бастады. Ағам екеумізге көп уақыт бөлу керек болғандықтан, кейін бизнесті сатуға тура келді. Егер анам болмаса, оның табандылығы мен төзімділігі болмаса, бізге ешкім мұндай жағдайды жасамас еді.

Шалғай ауылда өмірге келіп, сонда өсуші едік. Мәнерлеп сырғанау туралы тіпті ойлай да алмайтын едік. Қазір анамның екі бірдей жоғары білімі мен өзі жазған кітаптары бар. Ол бізге көп көңіл бөлді, барын салды десем болады.

Бізді мектепке апарып, жаттығулар мен музыка мектебіне де жетектеп апарды. Біз үшін барын салды. Егер біз бүгінде аз да болса жетістікке жетсек, ол анамның еңбегі. Мен үнемі анамды мақтан тұтатын боламын», – деп жазған Элизабет Тұрсынбаева.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<