ЕГІНІ ЖАЙҚАЛЫП, ҮЗДІК ШЫҚҚАН ШИЕЛІ

718

0

ЕГІНІ ЖАЙҚАЛЫП, ҮЗДІК ШЫҚҚАН ШИЕЛІ Шиелі өңірі – халқымыздың қашаннан береке, құт дарыған қасиетті ата қонысы. Қасиетті қонысты мекендеген халқымыздың бойында еңбекқорлық пен іскерлік, төзімділік пен қайсарлық бар.
27 қазан күнгі Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрында «Алтын дән-2018» мерекесіне арналған салтанатты жиында Шиелі ауданы облыс көлемінде ауылшаруашылығы өнімдерінен жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп, БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ.
Биылғы жылы Шиелі ауданы 40 мың 613 тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі өндірілді. Оның ішінде 92 пайызы негізгі дақыл күріштің еншісінде. Жалпы аудан бойынша өндірілген өнім көлемі 15 316,6 млн.теңгені құрайды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 105,6 пайызға артып отыр. ЕГІНІ ЖАЙҚАЛЫП, ҮЗДІК ШЫҚҚАН ШИЕЛІ 
Ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру бағытында жүргізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес Шиелі ауданы бойынша 2018 жылдың 1 қазанына дейін Ауғанстан Республикасына ауданнан 476 тонна күріш экспортталып, Ресей Федерациясының бірқатар қалаларына 10 тонна балық, 702 тонна бақша және 95 тонна көкөніс өнімдері шығарылған.
Одан бөлек, биылғы жылдың шілде айынан бастап көкөніс және бақша өнімдерінен еліміздің бірқатар қалаларына 3500 тонна қауын, 3150 тонна қарбыз, 456 тонна қызанақ және 580 тонна қияр жөнелтілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<