Екі жолдың таңдауы

79

0

Ерте, ерте, ертеде, үлкен қалаға жақын бір шағын ауылда Темірхан деген бала өмір сүріпті. Ол өте ақылды әрі мейірімді бала екен, бірақ кейде достарының сөзін тыңдап, қате шешімдер қабылдайтын әдеті болыпты.Бір күні ауылға белгісіз бір қаңғыбас келіпті. Оның аты – Зиян екен. Зиян елді алдаудың шебері болыпты. Ол балаларды қызықтыратын түрлі-түрлі тәттілер, сусындар мен ойыншықтар алып келеді. Бірақ оның тәттілері мен сусындары сиқырлы болып, адамды әлсіз, жалқау әрі қайғылы ететін у қосылған екен.

Зиян Темірханға келіп:

– Сен мықты бала екенсің. Ал мықты болғың келсе, мынау тәттіні жеп көр. Бұл сені басқа балалардан күшті әрі ақылды етеді, – депті.Темірхан алғашында сенімсіз болса да, Зиянның сөзіне құлақ асады. Бірақ тәттіні жегеннен кейін ол өзін әлсіз әрі көңілсіз сезіне бастайды. Оның достары бұл жағдайды байқап, Темірханға:

– Мұның дұрыс емес. Бізге қазір ақылды әрі денсаулығы мықты Темірхан керек! Зиян саған жамандық әкеліп жатыр, – дейді.Темірхан ойланып, не істеу керектігін білмей, әжесіне барады. Әжесі оған екі жолды көрсетіп:

– Міне, балам, мынау – салауатты өмір жолы. Бұл жолды таңдасаң, сен өз арман-мақсаттарыңа жетесің. Ал мына екінші жол – Зиянның жолы. Бұл жолда бақытсыздық, ауру мен өкініш күтіп тұр. Таңдауды өзің жаса, – депті.

Темірхан ойланып:

– Менің денсаулығым, болашағым маңызды. Мен салауатты өмірді таңдаймын! – деп шешеді.Содан бері Темірхан спортпен шұғылданып, кітап оқып, денсаулығын нығайта бастайды. Ал Зиян ауылдан кетіп қалады, өйткені оның сөзіне ешкім сенбейтін болыпты.

Қорытынды:

Әрбір адам өмірінде екі жолға кезігеді: бірі – салауатты, жарқын болашаққа апаратын жол, екіншісі – өкініш пен қайғыға толы жол. Дұрыс таңдау жасау – әр адамның өз қолында!

Рамазан Сейілханұлы,

Қармақшы ауданы А.Жанпейісов атындағы

№105 мектеп- лицейінің

9-сынып оқушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<