ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 13 қараша
№ 261
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 13 қарашадағы
№ 261 өкіміне
ҚОСЫМША
2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы
Әдебиет қайраткерлері
Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері
Нұрпейісов Әбдіжәміл – 1924 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Оразбаев Иранбек – 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
Оспан Сейфолла – 1938 жылы туған, ақын, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Өнер қайраткерлері
Әмір-Темір Хусеин – 1940 жылы туған, актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Дүйсекеев Кеңес – 1946 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
Мәлібекұлы Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы
(Тізім ықшамдалып алынды).
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<