Еліміз бойынша 337 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны жөндеуден өтеді

94

0

Фото: Александр Павский / Kazinform

Бүгінгі таңда әртүрлі өңірлердегі 337 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысанында құрылыс жұмыстары басталды. Мемлекет басшысының бастамасымен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында айтты.

655 нысан үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және байланыстыру жұмыстары толығымен аяқталды, оның ішінде 102 нысанның құрылысы аяқталды.

«Өңірлік әкімдіктер жергілікті бюджеттерден 551 нысанды (99,6%) бірлесіп қаржыландыруды көздеді. 441 нысан бойынша құрылыс шарттары жасалып, 107 нысан бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

355 нысанның құрылысына республикалық бюджет және Үкімет резервінің есебінен қаржыландыру көзделген. Қаржы министрлігімен бірлесіп, 194 нысанның құрылысын бастау үшін Үкіметтің резервінен қосымша қаражат бөлу (32-35%) жоспарланған. Осылайша, барлық нысандардың құрылысын бастауға 30% көлемінде қаржыландыру қамтамасыз етіледі.

Ұлттық жобаның екінші міндетінің шеңберінде іске асыру мерзімі 2023-2025 жылдарға есептелген 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2023 жылы күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 3,9 млрд. теңге бөлінді, ал ағымдағы жылы 7,6 млрд.теңгеге қосымша өтінішпен 9,7 млрд. теңге көзделді.

Бүгінгі таңда 2 аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, 10 нысан бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатса, 5 нысан конкурстық рәсімдерді өткізу сатысында, 5 жоба сараптамадан өткізіліп жатыр, 8 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. 

«Ұлттық жобаның шеңберінде денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету үшін кадрларға жалпы қажеттілік 1100 медицина қызметкерін құрады. 2023-2024 жылдары 150 нысанда 656 медицина қызметкері жұмысқа орналастырылды», – деді министр А.Әлназарова.

Мамандардың ынтасын арттыру және оларды ауылда ұстап қалу үшін мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Денсаулық сақтау министрлігі өңірлік әкімдіктерді жас мамандарды мониторингілеу және қолдау жөніндегі жұмысты күшейтуге, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражатының есебінен әлеуметтік қолдау шараларын қабылдауға шақырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<