Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік

1367

0

№171 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты жаңартылған білім беру жүйесі негізінде білім алушылардың сыныптан тыс және үйірме жұмыстарын инновациялау, білім алушылардың жаңартылған білім беру негізінде алған білімдерін белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға машықтандыру, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Семинарға қалалық білім бөліміне қарасты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Ашылу салтанатын Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Елдеев Ерболат Тынымбайұлы ашып беріп, ұжымға сәттілік тіледі. Ал мектеп директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы өз сөз кезегінде семинар бағдарламасымен таныстыра отырып, келген қонақтарға ыстық ықыласын білдірді.


Бағдарлама барысы төмендегі құрылым бойынша жұмыс жасады:
🔰Биология пәнінің мұғалімі Сматуллаева Зарипа Алмаханқызының «Тәуелсіздік-бастауы бар бақыттың» тақырыбында сыныптан тыс сабақ жүргізуі.
🔰Тарих пәнінің мұғалімі Насырова Бақыт Ахметбекқызы «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» тақырыбында брейн-ринг .


🔰Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бижанова Перизат Сәндібекқызының «Тәуелсіздіктің нұрына айналған Елбасы» тақырыбында сыныптан тыс сабақ жүргізуі.

🔰Мектеп кітапханашысы Жылқыбаева Айгүл Айтмағанбетқызының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Қазақ сахарасының қоңырауы» тақырыбындағы конференция.


🔰Мұғалім дефектолог Баймаганбетова Елена Нартайқызының «Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды жаңа технологиямен оқыту және арт терапия жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы ерекше балалармен жасалатын жұмыс түрлерімен таныстыруы.

🔰Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Молдашева Рамина Батырбекқызының мектеп ішінде жүргізілетін әр түрлі үйірме жұмыстарына таныстырылым жүргізуі.


🔰Дебат клубының жетекшісі Бижанова Перизат Сәндібекқызының «Ғани жұлдыздары» дебат клубының жұмыстарымен таныстыруы.

🔰Досанова Алма Бақытқызы және Жанахметова Жанар Ережепқызының жетекшілігімен «Мектеп театры» жобасы жұмыстарын таныстыруы.


🔰Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жакупова Гүлайна Қожатайқызының «Student Desmos онлайн бағдарламасы» арқылы кері байланыс жүргізуі.

📝Бағдарлама жоспарына сәйкес барлық мұғалімдер қойылған мақсатқа сәйкес жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшелігін ескере отырып, қалалық семинардың жоғары деңгейде өтуіне өз ықпалдарын тигізе білді. Нәтижесінде, қатысушы қонақтармен кері байланыс жүргізіліп, «өте жақсы» деген бағамен бағаланды.

Қатысушылар кезектесе сөз алып, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың тығыздығына, оқушылар белсенділігі мен еркіндігіне таңданысын жасырмай, кейбір үйірме жұмыстарын өз мектебінде жүргізуге жақсы ұсыныс пен идея екендігін атап өтті. Мектеп ұжымының ұйымшылдығы мен татулығына дән риза болып, келешекте алар асу мен бағындырар белестің көп болатындығына сенім мол екендігін де сөзге тиек етті. Мектеп директоры Ибраев Бекзат Сағындықұлы келген қонақтарға зор алғысын білдіре келе бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу жолында әрқашан тәжірибе алмасуға дайын екендігін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<