Елімізде 16 жастағы қыздар ата-ананың рұқсатынсыз түсік жасата алмайтын болды

370

0

Елімізде 16 жастағы қыздар ата-ананың рұқсатынсыз түсік жасата алмайтын болды Қазақстанда 16 жастағы қыздарға ата-анасының рұқсатынсыз түсік жасатуға рұқсат беру туралы ұсыныс қабылданбады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрлік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасының қазіргі редакциясында бұл ұсыныстан бас тартқан.

Қазақстандықтар 18 жастан бастап түсік жасата алады.

Еске сала кетсек, ата-ананың рұқсатынсыз 16 жастағы қыздарға түсік жасату туралы ұсыныс өткен жылы күзде жіберілген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<