Елімізде бір дәрігерге тіркелген халықтың саны бойынша 1 910 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш 17 50 адам болуы үшін Денсаулық сақтау министрлігі қандай жұмыстарды қолға алып жатыр? Бұл шараларға Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаев елордада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумында кеңінен тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі таңда елімізде бір дәрігерге 1 910 адамнан тіркелген. Бұған қоса денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, бұл көрсеткіш – 1 750 адам болуы керек. Демек, мақсатты индикторға жету үшін әлі 247 участок ашылуы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыс жалпы практикадағы дәрігерлерге, алғашқы медициналық-сантиарлық көмек көрсететін дәрігерге түскен жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», – дейді Ләззат Ақтаева.
Оның айтуынша, бүгінгі күні Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында, Астана қаласында бір дәрігерге тіпті 2 мыңнан астам адамнан келіп отыр. Яғни, бұл көрсеткіш жалпыреспубликалық көрсеткіштен де жоғары.
«Жаңа участоктарды ашып қана жүктемені азайту көзделіп отырған жоқ. Жаңа алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем нысандарын ашып та бұл мәселені реттеуге болады. Бұған қоса жетуге оңай боларлық нысандарды салған жөн. Ол нысандарда сонымен бірге жалпы практикадағы 7 немесе 10 дәрігерден болғаны абзал», – дейді ол.
Вице-министрдің айтуына қарағанда, ЭЫДҰ елдеріндегі стандарт бойынша бір нысандағы учаскелердің саны жетеу ғана. Ал бізде бұл учаскелердің саны бір нысанда 20 болып отыр.
«Келесі жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 70-ке тарта жаңа алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем нысанын салу қажеттігін айтып отырмыз», – деді Ләззат Ақтаева.
Еске сала кетсек, елордада бүгін «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумы өтіп жатыр. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен келген 600-ден астам делегат қатысуда. Олардың қатарында бастауыш партия ұйымдары мен аймақтық партия филиалдарының басшылары, белсенді партия мүшелері бар. Одан бөлек, форумға белгілі отандық және шетелдік сарапшылар, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары арнайы қатысып, партия жұмысын жан-жақты жандандыру мәселесін талқылауда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<