Елордада төрт жыл бұрын жоғалған адам табылды

663

0

Фото: Астана әкімдігі

Елорда аумағында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге және іздеуде жүрген адамдарды анықтауға бағытталған жедел-алдын алу іс-шарасы өтті.

«Оның барасында хабар-ошарсыз кеткен 3 адамның жүрген жері анықталды. Оның ішінде бір азамат 2020 жылдан бері туыстарымен байланыста болмаған. Төрт жыл бойы туыстары оралуынан үміт үзбеген 48 жастағы ер адамның оқиғасы ерекше назар аударуға тұрарлық. Полицияның үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты», – делінген қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Бұдан бөлек, рейд барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 күдіктіні, сондай-ақ заң бұзу дерегі бойынша күдікті деп танылған 6 адамды ұстады.

Айта кетейік, жақында көрші мемлекеттерде іздеуде жүрген 9 күдікті Түркістан облысында ұсталды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<