«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен қолға алынған «English for Jastar» жобасы Сырдария ауданында жоғары деңгейде жүзеге асты.
Жоба аясында ауданның №35, №36, №37 мектеп-лицейлерінде ағылшын тілінен сабақтар өткізілді.
Білікті мамандар аталған бастама бойынша ағылшын тілін үйренуге ынталы жастарға арнайы дәрістер ұйымдастырды. Соның негізінде аз ғана уақыттың ішінде оқушыларға ағылшын тілі үйретілді.
Болашақ үшін берері мол жобаға қатысқан оқушыларға бүгін жетекші партия тарапынан арнайы сертификаттар табысталды.
№35 мектеп-лицейінің оқушыларына тиісті сертификаттар ауданда ашылған «Коворкинг» орталығында, ал №36, 37 мектеп-лицейінің оқушыларына «Рухани жаңғыру» кабинеттерінде берілді.
Аталған шараға аудандық партия филиалының кеңесшісі Б.Ахметов, «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалының төрағасы А.Омаров қатысты.
Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша негізгі мақсат – ауыл жастарына ағылшын тілін тұрмысқа қажетті деңгейде үйрету болып табылады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<