Ерікті болу – елге қызмет ету

1120

0

Өткен жылы Мемлекет басшысының Жарлы­ғы­мен «Волонтер жылы» болып жарияланып, ау­қымды істер атқарылды. Аймақ басшысының есепті кездесуінде айтыл­ғандай, рес­публикада алғаш­қы­лар­­дың бірі болып облыста «Сыр еріктілерінің штабы» құрылды. Мұнда еріктілерді оқыту, түсіндірме жұмыстарын жүргізу қол­ға алынған. Сонымен қатар түрлі бағыттар бо­йынша ақпарат берілді. Олар­­дың қызметі еңбек өтіліне енгізіліп, көптеген мүм­кін­діктер қарастырылды.

Еріктілер тұрмысы төмен отбасылар мен жалғызбасты қарт адамдарға 11 тұрғын үй салып берді.  Індет өршіген  кезде белсенділік танытты. Көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созып, қолдау білдірді. Азық-түлік, тегін дәрі-дәрмек, қорғаныш құ­рал­дарын таратып, қайы­рым­дылық шараларына қа­тысты. Игі іске көптеген жас­тар қызығушылық таны­тып, еріктілер қатарына қосылды.

Президент тапсырмасына сәйкес, 2020 жылы індетпен тікелей күрескен 3 мыңнан аса медицина қызметкеріне 3 млрд теңге көлемінде үстемеақы төленді. 20 медицина қызметкері жоғары мемлекеттік наградамен, 107 қоғам белсендісі (еріктілер, медицина қызметкерлері, меценаттар) «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Жалпы, Волонтер жылында Сыр елінде жастарды жан-жақты қолдауға, волонтерлікті дамытуға ба­ғытталған көптеген істер атқарылды.  Сондай-ақ, игі істер әлі де жалғасын тауып, белсенді жастар елдің алғысына бөленіп келеді.

Сабыржан КЕҢШІЛІК,

қалалық жастар ресурстық

орталығының директоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<