ҚР Президенттіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі ретінде «Есіктен есікке» акциясын өткізіп, тұрғындармен жүздестім.
Акция аясында Жосалы кентіндегі жалғыбасты қарттарымызбен, мүмкіндігі шектеулі жандармен, көпбалалы аналармен кездесіп үгіт- насихат парақшаларын таратып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы насихатталды.
Сонымен қатар, кандидаттың сайтында сайлауалды бағдарламаның толық нұсқасымен танысуға болатындығын айтып өттім. Өз кезегінде тұрғындар Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдайтындықтарын , дауыс беретіндерін жеткізді. Үйлеріне келіп сайлауға шақырғаным үшін, ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудыруда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<