Есірткісіз жарқын болашақ

1055

0

Біздің отбасы есірткіден алыс!Мен осы эссені жазудан бұрын көп ойландым. Қызымның апайы: «Сіздің қолыңыздан эссе жазу келеді» дегендіктен, тақырыбына үңілдім.Тақырып есірткі туралы екен. Бұл жайт мені көптен бері толғандырып жүргені жасырын емес. Себебі бұл жайтқа жазар менде дәлел де, дәйек те бар.

            Түн. Қалжыраған, жабырқаулы ана. Сағат түнгі екіден асқан. Анада ұйқы жоқ. Есік қашан қағылар екен деп есікке елеңдеумен отыр. Иә, сіздер дәл аңғарып отырсыздар, ана жалғыз баласын күтуде. Бұлай күтуі бірінші рет емес. Ананың алаңдауының себебі бүгін де тыныштық болмасын біледі. Кеш келсе де мейлі ғой, тыныш жата қалса бір түн болса да ана үшін қуаныш еді. Бұл жерде ананың қамығуы жалғыз баласының есірткіге елітіп кетуі. Отағасының өмірден озғанына биыл 20 жыл болып отыр. Мүмкін әкесі тірі болғанда мұндай болмас еді деп оңашада ана байғұс жылап та алады. Амал нешік бұл бос алдамшы ой болатын. Анасының жалғыз зейнетақысына тамақтанып, киініп отырған ойсыз бала, ұрпақты өмірге әкелем деп ойлады дейсіз бе? Сұрақ көп, жауап жоқ.

            Иә, бұлар отағасы бар кезде бақытты еді. Отағасы отбасын ештеңеден кенде қылмады.Тоқырау кезінде де дастарқанынан нан үздірмеді. Балаларына жақсы тәрбие беріп те үлгірді. Бірақ, Алланың жазмышы сол болар, отағасы түннен азанға жетпей тұра алмай қалды. Бәрі-бәрі аяқастынан болды. Мың ойласа түсіне кірмейтін, отағасынан осылай қапыда айырылып қаламын ау деп жары да, балалары да ойламаған болатын. Құдайдың берген қыздары жатжұрттық болып кете барды. Дегенмен анасына қыздары аптасына келіп қарайласып, керек жарағын алып беріп тұрады. Сонда да ананың көңілі күпті. Себебі, «отағасының отының ошағын өшіріп аламын ба?» деген қорқыныш ой, түн ұйқысын төрт бөлетін.

Бұл жерде мен бір отбасының осы бір есірткі деген бәледен «жоқ» болып кету қаупі туралы айтқым келеді.

Мен балаларыма есірткісіз өмірдің жарқын өмір екенін айтудан жалыққан емеспін. Менің отбасым-есірткіге қарсы!

Науханбаевтар отбасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<