ЕСКІ ШАҺАРДЫ САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

362

0

ЕСКІ ШАҺАРДЫ САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ Түркия еліндегі көне шаһарлардың бірі Баргилия сатылымға шығарылып отыр. Бодрум қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан көне шаһардың жасы шамамен 2500 жылды құрайды. Шаһар аумағында ежелгі амфитеатр, ғибадатхана және сәулет ескерткіштерінің қалдықтары сақталған.
Айта кетейік, көне шаһар 1927 жылдан бастап жеке адамның иелігінде болып келген. Осы уақыт ішінде Баргилия шаһарына қазына іздеуші археологтар бірнеше мәрте жасырын жорық жасап, көне ескерткіштерді ұрлап кеткен болатын.
Шаһардың қазіргі иесі Баргилия құнын 8 млн долларға бағалап отыр.

muslim.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<