Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның профилактикасы бағдарламасын енгізу үшін еліміздің 20 өңірінде перзентханалардың 25 госпиталдық эпидемиологтарын оқытуды өткізді. Қатысушылар қатарында Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының эпидемиолог дәрігері Макашева Гүлзия Найзабайқызы да бар.
Денсаулық сақтаудың стратегиялық міндеті медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету және қауіпсіз аурухана ортасын құру болып саналады.
Барлық клиникалар сияқты медициналық босандыру ұйымдарында медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың (МКБИ) профилактикасындағы басым бағыт инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
Дәл осы фактор босанғаннан кейінгі нәтижелерге, әйелдердің өмірі мен денсаулығына әсер етеді.
Бүгінгі таңда еліміздің денсаулық сақтау саласының алдында МКБИ профилактикасы және микроорганизмдердің микробқа қарсы препараттарға төзімділігін сақтау бойынша тиімді бағдарламаларды енгізу міндеті тұр.
Клиникалардың бас дәрігерлерінің, акушер гинекологтардың, неонатологтардың, реаниматолог анестезиологтардың, бактериологтардың, клиникалық фармакологтардың, госпиталдық эпидемиологтардың және басқа да мамандардың жетекшілігінде мультимодалды тәсілге негізделген МКБИ профилактикасы бойынша бірыңғай стандартталған бағдарлама құрылады.
2022 жылғы 14-15 қазан аралығында ДСМ бастамасымен «University Medical Center» корпоративтік қорының базасында перинаталдық орталықтардың үшінші деңгейдегі госпиталдық эпидемиологтарына арналған «Босандыру кезіндегі инфекциялық қауіпсіздік» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.
Семинардың шеңберінде эпидемиологтарды жекелеген тақырыптар бойынша оқыту жүргізілді: антибиотиктерді ұтымды пайдалану, перинаталдық технологиялар, босандыру мекемелерінде МКБИ профилактикасы, неонатологиядағы мейіргерлік күтімнің ерекшеліктері.
«UMC» ҚҚ бөлімшелері қызметкерлерінің белсенді қатысуымен перзентхана блогында, орталық-стерилдеу бөлімшесінде, клиникалық-фармакологиялық бөлімшеде, қарқынды терапия және реанимация бөлімшесінде (ересектер, неонаталдық), акушерлік-гинекологиялық операциялық блокта, неонатология және акушерлік бөлімшелерде, микробиологиялық зертханада аралау жүргізілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<