«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаты Жақып Баймырзаев қабылдау жасап тұрғындардыңөтініштерін тыңдады.
«Нұр Отан» партиясының басқа партиялардан ерекшелігі болып табылатын қоғамдық қабылдау бөлмелерінің тұрғындарға тигізер пайдасы орасан зор. Мәселен, жыл басынан Арал аудандық партия филиалының қабылдау бөлмесінде 195 қабылдау өтіп, 208 азамат өтініш білдірген. Олардың 111-і оң шешімін тапса, қалғаны түрлі кеңестер алды. Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келетін азаматтардың санының артуы – партияға деген сенімділіктің айқын көрсеткіші деп білеміз,- деді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Қанатов.
Халық қалаулысының қабылдауына алғаш болып келген Сексеуіл кентінің тұрғыны, көпбалалы ана Айгүл Кенжалиевамүмкіндігі шектеулі баласының денсаулығына байланысты өтінішін білдірді. Өтініш иесінің мәселесіне орай облыстық медициналық орталығының нейрохирургияға бөліміне жолдама беруге көмек көрсетілді.
Сондай-ақ қабылдауға келген азаматтар жер мәселесі, жұмыссыздық, материалдық көмек секілді өтініштерін білдірдіп, мәселелер тиісті заң аясында қаралды.
– Жалпы қабылдауға келетін тұрғындардың мәселелері көп жағдайда заңды білмегендіктен орын алып жатады. Сондықтан біздер Әділет басқармасымен бірлесіп, «Әділет кеңес береді» акциясын тұрақты түрде өткізіп отырамыз. Мұнай акциялар да өз кезегінде жемісін беруде. Бүгінгі қабылдауда болған азаматтардың кейбіріне де заңгерлік көмек көрсетілді,-деді Талғат Қанатов.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<