Инклюзивті қоғам құруға бағытталған шара

235

0

Фото: Партиядан

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда көтерген бастамасына сәйкес әзірленген «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау» атты Қазақстан халық партиясының жобасы аясында Қызылорда облыстық филиал өкілдері аутистикалық спектр бұзылыстары бар балалардың ата-аналарымен кездесті.

Мақсат – ерекше қажеттіліктері бар балалардың өмір сүру сапасын арттыруда ата -аналармен бірлесе отырып нақты әрі маңызды нәтижелерге қол жеткізу. Басқосуда ата-аналар балаларға арналған арнайы орталықтарды кеңейту, мамандар біліктілігін арттыру мәселелерін қозғады. Қазір аутистикалық спектр бұзылыстары бар балалар қатары өкінішке орай көбейген. Облыс орталығына аудандардан келушілер қатары да аз емес. Ата аналар жылдап кезек күтетін балалар денсаулығына алаң. 3 ай ем алған бала келесі емін алу үшін тағы 1 жылдан аса уақыт күтеді, дейді мамандар. Ата-аналар «аудандардан емдеу орны ашылса», деген ұсыныстарын жеткізді. Жалпы мұндай шара – инклюзивті қоғам құруға бағытталған манызды қадам болмақ.