Іс шара барысында 102 құқықбұзушылық анықталды

841

0

Қызылорда қаласы аумағында өткен «Бала және отбасы» жедел-профилактикалық ic-шарасы барысында кәмелетке толмағандар тәрбиесіне қатысты 102 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.


Атап айтқанда, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 86 және ойын-сауық мекемесінде болған алты жасөсіпірім анықталған. Олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттама толтырылды.


Ал кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемесінде болуына жол берген 6 ойын-сауық мекемесінің иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша жауапқа тартылды.


Балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын 3 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) әкімшілік хаттама толтырылды.


Іс – барысында оперативтік есепке «жастар ұйымдасқан қылмыстық тобының топбасшылары және қатысушылары» санатымен 9 жасөспірім алынды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<