Облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Ишанқұловтар отбасы енді республика көлемінде бағын сынамақ. Отағасы – Ерғали Ишанқұл 81 жастағы зейнеткер. Тыл ардагері мал шаруашылығы саласында 36 жыл еңбек еткен. Отанасы – Бахира Камардинқызы 80 жастағы зейнеткер. «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері.
Ерлі-зайыптылар 62 жылдан бері тату, үлгілі өмір сүріп келеді. 14 баланы өмірге әкелген ата-ананың 52 немересі, 25 шөбересі және бүгінде 1 шөпшегі бар.
Ишанқұловтар әулетінің балалары атакәсіпті жалғастырып, мал шаруашылығымен айналысып келеді.
Отбасының ұстанымы: «Үлгілі отбасы – қоғам негізі».
Отбасы жайында толық ақпаратты https://kaztube.kz/video/298811 сайтына сілтеме жасау арқылы көре аласыздар. Республика бойынша 16 үміткер отбасы арасынан үздіктер анықталмақ. Ең үздік отбасы Сыр елінен шықсын десек, https://kaztube.kz/mereyli_otbasy_2018/vote сайтына кіріп, Ишанқұловтар отбасына дауыс берейік. Дауыс беру үстіміздегі жылдың 30 тамызы мен 6 қыркүйек аралығында өтеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<