Арал ауданында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы А.Мұхимовтың төрағалығымен әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары қарқынды қолға алынғанымен, нәтиже көңіл көншітпей отыр. Айталық, өткен жылдың бірінші жарты жылдығында тіркелген жағдайға қарағанда, биылғы жылдың жарты жылдығында орын алған жағдай 4,5 есеге көбейген. Яғни, ауданда 2017 жылдың 6 айында 2 іс тіркелсе, осы жылдың 6 айында аудан бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы 9 жағдай тіркелген.
Кеңесте аудан әкімі М.Оразбаев мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларға сәйкес профилактикалық бағытта атқарылған жұмыстарды баяндады. Бұл мәселеге қатысты кеңес төрағасы және мүшелері тарапынан сұрақтар беріліп, тиісті ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ кеңесте аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ә.Қосбармақов пен аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Дүйсеновтің есебі тыңдалды.
Кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды барынша күшейту, оның алдын алуға табанды түрде әрекет ету амалдарын пысықтап, қоғам дертімен көп болып күресуге шақырды.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<