Қазақстанда кенелер оянды. Бұл жәндіктердің белсенділік маусымы сәуірде басталып, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Ал, оңтүстік өңір үшін кенелер қауіп тудыратын уақыт мамырдың екінші жартысынан маусымның ортасына дейін созылады. Оңтүстік-шығыс және солтүстік өңірлерде мұндай кезең 2-3 аптаға кешірек басталады.
Былтыр Қазақстанда 10 348 адам кененің шағуынан жапа шекті. Олардың 35-і кене энцефалитіне, 12-сі кене боррелиозына шалдыққан. Кене инфекциясын жұқтыру оқиғаларының жартысынан астамы Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Биыл кенеден келген кеселге шалдығудың ресми фактісі әзірге тіркелген жоқ. Дегемен, бүгінде денсаулық сақтау мекемелеріне кене шаққан 850-ден астам адам барған. Олардың 447-сі – балалар. ШҚО-да кене шағуы салдарынан 69 адам, Алматы облысында 552 адам зардап шекті. Алматыда мұндай 230 оқиға тіркелген.
Алматыдағы кенелер неліктен тауда тұрақтамайды?
Биология ғылымдарының кандидаты, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ҒПО» паразитолог-маманы Жанна Шапиевнаның сөзінше, 2000-шы жылдардың ортасына дейін Алматы аумағында кене шағу оқиғалары мүлдем тіркелмей келді. Алайда, кейінгі жылдары жағдай өзгеріп, жыл сайын өршіп жатыр. Кенелер көші-қоны кезінде алматылықтардың саябақтарда, соңғы 3-4 жылда қала аумағында кене инфекциясына шалдығу фактілері орын алды. Жәндіктердің қалаға «қоныс аударуының» бірнеше себебі болуы мүмкін. Біріншіден, Алматы туралы айтатын болсақ, қала айналасында құрылыс белсенді түрде жүріп жатыр. Яғни, кенелер мен олардың қорегі болып табылатын жабайы фаунаның тіршілік ету ортасының бүлініп жатқанын көруге болады. Екіншіден, құрылыс жүріп жатқан қала айналасында үй малын бағу, яғни алдын алу факторлары жүргізілмей жатыр. Кенелер қоректенудің жаңа көздерін іздеп, қала аумағына енеді.
Сонымен бірге, сарапшының сөзінше, «кенелер өздерінің мекен ету географиясын» тек Алматы ішімен ғана шектемейді. Бұрын кене энцефалиті тек Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында эндемиялық (бұл кесел маусымнан маусымға тұрақты түрде пайда болады)болып саналатын еді. Ал, соңғы 7 жылда Ақмола облысының кейбір аудандарында кеселді кенелердің пайда болғаны туралы жиі айтылып жүр.
Кенеден қорқып, орман-тауға бармау. Немесе…
Мамандар кене белсенділік танытып жатырған кезеңдерде алғашқы ретте табиғатқа бармауға кеңес береді. Бұл кеңес қауіпсіздік тұрғысынан орынды болғанымен, көпшілік үшін олардың өмір сүру дағдысымен, белсенді демалыс туралы түсінігімен сәйкес келмейді. Әсіресе, жылдың жайма шуақ күндері табиғат аясында тынығуға бармау қиын. Мұндай тұрғындар үшін алдын-ала қорғаныс тәсілі бар – бұл кене энцефалитіне қарсы жоспарлы вакцина алу.
«Ағзаның қорғаныс қабілетін қалыптастыру үшін екпенің бірінші мөлшерін күзде, екіншісін егілгеннен кейін бір айдан соң енгізеді, ал қайта вакциналау бір жылдан соң, содан кейін әр 3 жылдан соң жасалады », – дейді м.ғ.к., Орталық клиникалық аурухананың неврология бөлімшесінің меңгерушісі Бибігүл Әбділманова. – Бұған қоса, кенелердің көктем-жаз уақытындағы белсенділігі кезінде вакциналаудың шұғыл сызбасы бар. Ол табиғатқа шығудан бір ай бұрын жасалып бітуі тиіс. Бұл бойынша екпенің бірінші мөлшерін наурыздың соңында немесе сәуірдің басында, ал екіншісін екі аптадан кейін енгізу егу қажет. Кене энцефалитіне қарсы вакциналаудың толық курсы бұл аурудан толық қорғаныс және алдын алудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Жәндік екпе алмаған адамды шаққан жағдайда, медициналық көмекке жедел түрде жүгіну маңызды. Бұл шара уақтылы сақтану емін алуға және денсаулықтың асқынбауына көмектеседі. Шұғыл профилактика ретінде адамғаміндетті түрде кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізеді. Препарат шаққаннан кейін 72 сағат ішінде ағзаға енгізілгенде ғана тиімді. Жалпы алғанда, емдеу курсы ауру белгілерінің түріне және олардың қауіптілігіне қарай тағайындалып, бір айдан бірнеше айға созылуы мүмкін».
Мамандардың сөзінше, Қазақстанда мамандығына қарай қауіп аймақтарына баратын адамдарға вакциналау тегін жүзеге асырылады. Сонымен бірге, зардап шеккендерге кенеге қарсы иммуноглобулин ақысыз енгізіліп, ауру анықталғанда ем жүргізіледі. Өз еркімен егілгісі келетіндерге мемлекеттік поликлиникаларда вакцина тек күз-қыс айларында тегін егіледі. Шұғыл сызба бойынша егілгісі келетіндер вакциналау бойынша жеке клиникаларға бара алады. Алматыда екпенің бір мөлшерінің құны – 4,5 мыңнан 5,5 мыңға дейін. Дегенмен, қазір препарат қолда жоқ, ол мамырдан кешікпей жеткізілуі тиіс.
Егілгің келсе, алайда оны жасай алмасаң – сақтан!
«Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ҒПО» мәліметінше, Қазақстан тұрғындары арасында кене инфекциялары туралы білу деңгейі өте төмен. Қазақстандықтардың жітілігі төмендеп барады: вакциналауға келетін адамдардың саны азайып кетті. Егер 2000-шы жылдардың басында 45 мыңнан 49 мың адамға дейін жыл сайын егілсе, ал 2017 жылы небәрі – 16 279 адам.
Көршілес Ресейде кене энцефалитінің табиғи ошағы Қиыр Шығыс, Сібір мен Орал саналады. Бұл мәселені олар қалай шешіп келеді? Біріншіден, кене энцефалитіне қарсы жыл бойы егілуге болады. Екіншіден, вакциналар дәріханаларда қолжетімді. Үшіншіден, тұрғындарды ақпараттандыру деңгейі жоғары деңгейде. Бұған қоса, ресейлік сақтандыру компаниялары кене шағудан ерікті сақтандыруды ұсынады.
Қазақстанда да сақтандырылуға болатынын екінің бірі біле бермейді. Алайда, сақтандыруды біздің нарықта әрекет етуші тек бір компания – «Номад Иншуранс» ұсынады. «Кенеге қарсы» сақтандыру құны бюджет үшін шығынды емес: 4 адамнан тұратын отбасы үшін – небәрі 500 тенген, бір адам үшін – 200 тенге. «500 мың теңге көлемінде сақтандыру төлемін шұғыл медициналық шаралар көмектеспегенде ғана және сақтандыруы бар науқаста кене энцефалиті, кене боррелиозы (Лайм ауруы), кене эрлихиозы, конго-қырым геммарогиялық безгегі аурулары байқалғанда ғана алуға болады», – дейді «Номад Иншуранс» СК басқарма төрағасы Дәурен Иманжанов, – әрине, сақтандыру кене шағуын немесе аурудың туындауы қауіптерінің алдын алмайды, дегенмен жапа шеккен адамға қосымша қаржылық демеу көрсете алады. Бұл қаражатты ол қосымша ем үшін немесе өзі қалаған басқа да істерге жұмсай алады».
Кене шаққанда ережелер
Біз алдын алу шараларын ғана емес, кене шаққанда өзін-өзі ұстаудың оңай ережелерін де білмейміз. Мынаны білу маңызды:
-біздің өңірде кене шағуы кене энцефалиті мен боррелиозы тәрізді ауыр түрдегі инфекциялық ауруларды тудыруы мүмкін. Бұл кеселдердің өте күрделі белгілері болады, әрі орталық жүйке жүйесінің зақымдануына (кене энцефалиті кезінде) апаруы мүмкін. Жыл сайын Қазақстанда ауру туралы деректерге сай энцефалиттің өлімге апарып соғатын жағдайлары тіркеліп жатыр;
-кене энцефалитіне қарсы тиімді шара – бұл вакциналау. Қазақстанда вакциналаудың толық курсын алған азаматтар арасында аурудың бірде-бір фактісі тіркелмеген;
-қауіпті аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды: репеллентерді қолдану, арнайы комбинезон кию (немесе денеге өте тығыз киілетін жеңі бар ашық түсті киім және аяқ киім), кенені алып тастайын затты өзімен бірге алып жүру, әр 15-20 минут сайын кененің бар-жоғын тексеру;
-кене шаққан кезде шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінген жөн. Барлық эндемиялық аудандарда ірі медициналық орталықтарда (аудандарда – орталық аудандық аурухана)емдік сарысумен аурудан сақтандыру пункттері демалыссыз жұмыс істейді.Бұл жерлерде кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<