Киікті жаппай атуға рұқсат берілмейді

870

0

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев елімізде киікті жаппай аттуға рұқсат берілмейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Киіктерге қатысты шешімді әлі қабылдаған жоқпыз. Осы айдың соңына дейін тиісті ұйғарым болатынын айтқан едім. Қандай шешім қабылданса да, бұл бағыттағы жұмыстарды келесі жылдың күзінде бастаймыз. Жаппай атудан бас тарттық. Киіктерді жаппай атуға қатысты шешім қабылдамаймыз», – деді Серікқали Брекешев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл тамыз айында Серікқали Брекешев Қазақстанда киік санын реттеу мәселесі қазан айында шешілетінін айтқан еді.

Осы орайда келесі жылы ақылы аңшылық басталуы мүмкін екенін айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<