Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қайын атасын өлтірген әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Отбасындағы кикілжіңде алпыстан асқан қария жәбірленуші келініне қол көтерген. Келіні ашу-ызамен қайын атасының арқа тұсына қолындағы пышағын екі мәрте тығып алған. Дене жарақатынан жәбірленуші ауруханада қайтыс болған.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Б. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) кінәлі деп танылып, 8 (сегіз) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.
Одан басқа, сотталушыға жазамен бірге амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<