Клипке ашық-шашық киіммен түскен өзбекстандық әнші Шахло Ахмедова лицензиясынан айрылды. Осыған дейін әншіге бейнебаяндарында менталитетке сай келмейтін әрекеттер бары бірнеше рет ескертілген деп жазады Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Шахло Ахмедова «Жазғы жаңбыр» әні үшін сахнадан қуылған. «Өзбекконцерт» бөлімшесі әншіге клипінде шығыс мәдениеті мен ұлттық менталитетке сай келмейтін кадрлардың барын бірнеше рет ескерткен көрінеді.
Енді әншінің осы клипін көрсетуге 13 қарашадан бастап тыйым салынды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<