Кеше Қармақшы ауданы әкімі М.Ергешбаев жергілікті бюджеттің төртінші деңгейінің енгізілуіне байланысты мәселелермен қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Б.Жарылқап, аудандық қаржы бөлімінің басшысы А.Аманов және Әйтеке би кентінің әкімі Ж.Мұратбаев, Қазалы қаласының әкімі Р.Ізтілеу, Майдакөл ауылдық округінің әкімі Ғ.Зинадинов, Аранды ауылдық округінің әкімі Қ.Қожахмет қатысып, мәселелер кеңінен талқыланды.
Жыл басынан бері Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, Майдакөл және Аранды ауылдық округтеріндегі төртінші деңгейлі дербес бюджетті қалыптастыруда 7 айда атқарылған жұмыстардың барысы жөнінде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Б.Жарылқап хабарлама жасады.
Аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың мерзімінде орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаевқа тапсырып, кездесуді қорытындылады. Сонымен бірге, әкімдерге нақты тапсырмалар жүктеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<