Көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

475

0

Фото: Сырдария ауданы

Көктемнің жайма-шуақ күндерімен бірге ауданымызда көркейту және көгалдандыру жұмыстары қарқын алып келеді. Бүгін аудан орталығында коммуналдық мекеме қызметкерлері гүл егу жұмыстарына кірісті.

Орталық алаң мен демалыс орындарына түрлі-түсті, сәндік гүлдер отырғызылуда. Гүлдердің түр-түсі ауданымызға ерекше сән беріп, көркем бейне қалыптастырары сөзсіз. Бұл жұмыстар тұрғындарымыздың жайлылығы мен ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған.

Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Құрметті аудан тұрғындары! Туған жерімізді бірге күтіп, таза ұстауға, отырғызылған гүлдерге аса ұқыптылықпен қарауға шақырамыз!

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі