Кәсіпкерлік – экономиканың әлеуетті тірегі

401

0

Кәсіпкерлік – экономиканың әлеуетті тірегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қорғайтын және дамытатын, өткізу нарығына жол ашатын, өнімділікті ұлғайтып, отандық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тиімді өнеркәсіп саясатын қалыптастыруға назар аударды.

Шағын және орта кәсіп­керлікті дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Мемлекет қолдауы саланың серпiндi дамуына септігін тигізіп келеді. Биыл облыс көлемінде жарияланған Жаппай кәсіпкерлікті да­мы­тудың үшжылдығы қо­ры­тындыланады. Бұл ту­ралы күні кеше облыс әкі­мінің жетекшілігімен өт­кен активте де тиянақты сөз болды. Жүйелі шара­лардың арқасында соңғы жылда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 9,3 процентке артты. Кәсіп бастауға ниетті азаматтар қолдаудан кенде емес. Былтыр көр­сетілген сервистік қыз­мет нәтижесінде 2227 млн теңгеге 510 жоба қаржы­ландырылды. Кәсіп­керлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері 5457 тұлғаға әртүрлі бағытта кеңес берді. 1812 адам «Бизнес-кеңесші» курсын тәмамдаса, олардың құны 372 млн теңге тұратын 265 жобасы қаржыландырылды.

Сонымен қатар, биылдан бастап үш жылға дейін микро және шағын бизнесті тексеруге тыйым салынып отыр. Бұл жаңадан іс бастаған азаматтарға кәсібін дөңгелентіп, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді деп сенеміз.

Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ,

облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<