Кәсіпкерлік – ел экономикасының қарыштап дамуына дем беретін сала. Елімізде түрлі бағдарламалар бойынша жеңілдетілген несиелер тағайындалып, жан-жақты қолдаудың арқасында кәсіпкерлік дамып келеді.
Шағын және орта бизнестің дамуы үшін мемлекет қолдау білдіріп, жұмыссыздықты жою, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеу, нарықты халыққа қажетті сапалы тауарлармен толтыру, сапалы қызметтер көрсету бойынша тиімді жұмыстар атқарылуда. Осы саланың дамуын одан әрі арттыру және әкімшілік кедергілерді мейлінше азайту мақсатында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2018 жылдың 24 мамырында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталған заң осы жылдың 8 маусымынан бастап күшіне еніп, осы кәсіпкерлікке байланысты көптеген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осы ретте 14 маусым күні техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаментінде Кәсіпкерлік кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша мәжіліс өткізіліп, талқылау жүргізілді.
Соңғы өзгерістерге сай, мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілетін тексерулер мейлінше азайтылып, бақылау субъектісіне бару арқылы және бармай профилактикалық бақылау жасау ұғымдары енгізілген. Бұл мемлекеттік бақылау және қадағалау қорытындылары бойынша кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік шаралар көрілмей, айыппұлдар салынбай, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда оны жою туралы нұсқама беру арқылы заңнамалар талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу мерзімдері қысқартылды. Профилактикалық бақылау жүргізу мерзімі 15 күн, микрокрокәсіпкерлік субъектілеріне 5 және жоспардан тыс тексерулер мерзімі 10 күнге дейін азайтылған. Ал, кейбір тексерулер 5 күннен 4 сағатқа дейін қысқартылған. Сонымен қатар, мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастар бойынша басқа да маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Б.ПАШЕНОВ,
техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаменті
бас маманы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<