Дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметін тоқтатудың жеңілдетілген тәртібі. Бұл нені білдіреді және дара кәсіпкерлер үшін қандай артықшылықтары бар?
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 67-бабына сәйкес, дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату камералдық бақылау жүргізілместен, салықтық тексеріссіз көрсетілген әдістердің бірі негізінде:
1) салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішінің;
2) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісімнің негізінде жүзеге асырылады.
Қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін болу керек:
1) қосылған құн салығын төлеушісі ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;
2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;
3) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын (бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын өндіруді), бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмдерін өндiруді, алкоголь өнiмдерiн көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді, темекi бұйымдарын өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізуді, ойын бизнесiн, ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді);
4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша салықтық тексерулер жоспарында немесе ішінара салықтық тексерулер тізімінде жоқ;
5) салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ.
Бірінші әдіске тоқталайық. Егер қызметті тоқтату туралы шешім қабылданса, дара кәсіпкер мемлекеттік кірістер органдарына:
1) салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішін;
2) тарату туралы салық есептілігін;
3) бақылау-касса машинасын (бар болса) есептен шығару үшін салықтық өтінішін беруге тиіс.
Екінші әдісті қолдану. Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патенттің құнын есептеу туралы салықтық есебінде қамтылған жазбаша келісім негізінде мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушіні тіркеу есебінен мынадай жағдайларда шығарады:
– патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын және патенттiң қолданылу мерзiмi өткен немесе қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде патент құнының кезекті есеп-қисабын ұсынбаса;
– салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған және қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталғаннан кейін салықтық есептілікті ұсынудың белгіленген мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салықтық есептілікті ұсынбаса.
Бүгінгі күн талабынан қарағанда мемлекеттік кірістер органдары тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру, оның ішінде дара кәсіпкерлердің қызметін камералдық бақылау жүргізбестен, салықтық тексеріссіз оңтайландыру бойынша осындай шаралар қабылдануда. Яғни, кәсіпкерлік қызметті тоқтату оңайлатылған тәртіпте жүргізіле алады.
Г.Шортанбаева,
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<