Күріш өндірушілер әлемдік көрмеге қатысты

413

0

Қазақстандық күріш өндіру және өңдеу саласының мамандары Германияның Ганновер қаласында өткен AGRITECHNICA 2025 әлемдік агротехникалық көрмесіне қатысты. Көрмеге 2 700-ден астам компания келген, бұл – агроөндірістің жаһандық деңгейде трансформацияланғанына айқын мысал.

Бүгінгі негізгі бағыт – агросекторды цифр­ландыру, күріш индустриясын дамыту, су ресурстарын үнемдейтін және смарт-техно­логияларды енгізу. Осы сапарда күріш жинайтын, жер өңдейтін техникалық жабдықтарды, DJI T100 дрондарын (Қызылордада қарашаның соңында таныстырылады), күріш сақтау қоймаларын интел­лектуалды басқару жүйелерін, алқапты тегіс­теу және ақылды дренаж жүйелерін қолдану тех­нологияларын жеткізу туралы келісімдер жасалды.

Бұл – инновациялық агроплатформаға бағыт­талған нақты қадам. Тұрақты даму, цифрлық транс­формация және ресурстарды тиімді пайда­лану өсімді қамтамасыз етеді.