The Steppe журналы Денис Теннің жарық көрмеген соңғы сұхбаттарының бірін ел назарына ұсынды деп жазады NUR.KZ порталы.
Сұхбатта мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өмір мен өлімге қатысты өз ойын ортаға салған.
«Мен өзіме немесе өткен күндегі жұмысыма көңілім толмаған күні өмірмен қош айтысқанды қаламас едім. Артымнан өшпес із қалғанын қалаймын», – дейді Денис Тен сұхбатында.
Басылымның мәліметіне сәйкес, бұл сұхбат жоспар бойынша әлі жарыққа шықпауы тиіс болған.
«Осы жылдың маусымында, небәрі бір ай бұрын ірі жобаны бастап, Денис Тенді видеосұхбаттың басты кейіпкері ретінде таңдаған едік. Бұл сұхбат бұлай ерте жарияланбауы тиіс еді. Алайда біз ең қымбат туындымен бөлісуді жөн санадық. Денис, бізбен жұмыс істеп, бізге сенім артқаның үшін рақмет», – делінген журналдың желі парақшасында.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<