МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

523

0

Қазалы ауданына жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева бірқатар әлеуметтік нысандарға ат басын бұрып, жұмысымен танысты.

Балайым Туғанбайқызы алдымен Әйтеке би кентінде орналасқан «Рауан» инклюзивті білім беру орталығында ерекше күтімді қажет ететін балалармен кездесті.

Қуанышкул Дәулетиярқызы басқаратын орталық өз жұмысын 2018 жылы бастады. Қазіргі таңда балабақшада даму мүмкіндігі кешеуілдеген, тіл мүкістігі бар балалар тәрбиеленуде. Жалпы 42 адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар үйірме жұмыстары да өз жұмысын атқарып келеді. Сондай-ақ, орталық меңгерушісі халық қалаулысына «Ерте жастан дамыту» бағдарламасы аясында 2 жастан бастап бала қабылданса деген ұсынысын жеткізді.

Мұнан соң Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжіне арнайы барып, материалдық-техникалық базасымен танысты.

Білім ордасының басшысы Болат Ахметов колледж «Жас маман» бағдарламасы арқылы жаңа заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, колледждегі жатақхана мен бірқатар оқу корпустарына жөндеу жұмыстары қажет ететіндігін жеткізді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<