Мәжіліс депутатының жұмыс сапары Жақсықылыш кентінде жалғасты. Мұнда халық қалаулысы жүз жылға жуық тарихы бар «АРАЛТҰЗ» АҚ ұжымымен кездесті.
Өндірс орны өткен жылы өнім 581 мың тонна өнім өнідген. Қазіргі таңда 1080 адам жұмыс жасайды. Өнідірлген өнімдер елімізде ғана емес Ресей, Өзбекстан, Германия, Грузия, Қырғызстан елдеріне тасымалдануда.
Кездесуде аясында АҚ директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Ғани Сисекешов шет мемлекеттерге импортталатын тауарлардың жөнелту тарифін азайту бойынша ұсынысын білдірді.
Әрі қарай халық қалаулысы Қамыстыбас ауылында болып, ауыл балаларының мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен қамтылу жұмыстарын көру мақсатында «Жансая» бөбекжай балабақшасында болды.
Бөбекжайда 7 топ бойынша 113 бала тәрбиеленуде. Ғимарат жоғары талғаммен безендірілген, мектепке дейінгі балалардың оқу – тәрбие жұмысының сапалы ұйымдастырылуына барлық жағдай жасалған.
Ауыл жұрты соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған бөбекжай-бақшаның ашылғанына дән риза. Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан тәуелсіздіктің тұтқасын берік ұстап, ел ертеңін ойлайтын саналы, Отансүйгіш азамат тәрбиелеу бағытында жұмыс істеуге әзірміз, – дейді балабақша қызметкерлері.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<