Жыл сайын өңірімізде мыңдаған түлектер мектеп табалдырығынан түлеп ұшып, студент атанып, болашаққа қадам басады. Алайда, осы жастар өз мамандықтарын дұрыс таңдай алып жүр ма? Мемлекеттік бағдарламаларды қаншалықты меңгеріп, қажеттіліктеріне жарата алуда? Олар «Серпін», «Бизнестің жол картасы – 2020» және басқа да мемлекеттік гранттар туралы қаншалықты хабардар? Міне, осы сұрақтар төңірегінде мектеп бітіруші жастар толық ақпараттандырылды.
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі» КММ-сі мен «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың мамыр айының 02-22 күндері аралығында барлығы 22 жалпы білім беру мекемелерінің (№6, №8, №1, №5, №3, №15, №23, №171, №4, №12, №7, №187, №235, №233, №140, №198, №2 «Мұрагер», №101, №253, №264, №136, №9) бітіруші түлектерінің қатысуымен семинар-тренингтер өткізілді.
Семинар-тренинг барысында тренер Жандос Бектайұлы бітіруші түлектерге мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік гранттар туралы ақпараттан бөлек қоғамға қажетті мамандықтар турасында мол мағлұмат берді. 1000-нан аса бітіруші түлек қатысқан шара өз нәтижесін береді деген үміттеміз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<