Мамандық таңдау әсте де оңай емес. Адам үшін ең маңыздысы – оның болашақ мамандығы. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық бойынша өмір бойы қызмет атқарамыз.
Қандай мамандық иесі болмасын қоғамға, елге қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет істеу қашан да маңызды мәселе. Мәселен, мен 2011 жылдан берi Қызылорда қаласындағы қылмыстық атқару жүйесінде, яғни ЗК-169/5 түзеу мекемесiнде жұмыс істеп келем.
Әрине, әр мамандықтың өз ауыртпашылығы, өзіне тән қиыншылығы бар. Әйтсе де ерекше біліктілік пен асқан зерделілікті қажет ететін есепші мамандығына екінің бірінің жүрегі дауалап бара бермейді. Өскелең ізбасарларға өнеге етіп көрсетуге болатын тәжірибелі бухгалтерлер өңірімізде аз емес.
Осы мекемеде еңбек еткеніме биыл 10 жыл болыпты. Бірлігі берік, мығым ұжыммен бірге барлық қиыншылықтан өттік. Бастысы, өз қызметіңе адал болсаң, нәпақаңды айырып отырған жұмыс орнына әрдайым алғыс сезімімен, жанашырлықпен қарасаң, әріптестеріңе деген сый-құрмет, көзқарасың түзу болса, абырой сенен алыстамайды.
Иә, ең бастысы өзің адал, тәубешіл, еңбекқор болуың керек. Екiншi үйiмдей болып кеткен мекеме басшылары мен бiлмегенiмдi үйреткен тәжірибелі мамандарға алғысым шексiз. Ендiгi кезекте жаңадан келген жас маман иелерiне маған көрсетілген тәртіппен жұмысқа деген қабiлеттiктерiн арттыруға әр қашан үлесiмдi қосамын.
Ж.ӘЛIМБЕТОВА,
ЗК-169/5 мекемесінің экономисті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<