Жапония құрамасы әлем чемпионатындағы 1/8 финалдың Бельгиямен болған матчынан кейін киіну бөлмесін жинап кеткен. Ойын Ростов-на-Дону қаласындағы «Ростов Арена» алаыңында өткен деп хабарлайды sovsport.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Бұл – Бельгиядан 94-минутта жеңілген Жапония құрамасының киіну бөлмесі. Команда өз жанкүйерлеріне алғыс білдіріп, орындықтар мен киіну бөлмесін жинап, орыс тілінде жазылған «Спасибо» деген хатын да қалдырып кетіпті. Олармен бірге жұмыс істеудің өзі құрмет», – деді ФИФА координаторы Присцилла Янссенс.
Еске салайық, әлем чемпионаты кезінде жапон жанкүйерлері әрбір матчтан кейін өз секторларын жинап кетуімен де ерекшеленген болатын.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<